Алдағы үш күнде ауа райы күрт суытып, жаңбырдың соңы қарға ұласады

30.04.2024
07:14
0
109
Қазгидромет 30 сәуір — 2 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады.
1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады.
Түнгі уақытта жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал, найзағай, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін.
Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанып отыр.
Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон ықпалымен солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, 1-6 градус үсікке дейін, күндіз 5-13 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Сондай-ақ, суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, 2 градус үсікке дейін, күндіз 15-25 градус жылуға дейін төмендейді. Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

01.07.2025
20:53
Димаштың інісі Мансұр Құдайберген де өнерге бет...

01.07.2025
20:04
Биыл Yandex Qazaqstan 3 млрд теңге салық пен әл...

01.07.2025
19:59
Жұлдыз Әбдікәрімова жүйкесі тоза бастағанын айтты

01.07.2025
17:48
«Әжелер сияқты»: Тәуекел Мүсілімнің жұбайы сынғ...

01.07.2025
17:23
Аты аңызға айналған дипломат Генри Киссинджер Т...

01.07.2025
17:21
Германияда енесінің қолынан қатігездікпен өлген...