Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 14 адам сотталды
265
Алматыда былтырдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойыша 18 қылмыстық іс қозғалып, 14 адам сотталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Сабырғали Балғалиев айтты.
Спикердің сөзінше, казино мен ойын автоматтары залдары Қапшағай және Ақмола облысының Щучье ауданынан басқа жерлерде ашу заңсыз.
Айтуынша, жедел-тергеу іс-шаралары барысында TikTok желісінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, ставкаларды қабылдау, банктік аударымдар арқылы ұтыстарды есептеу және беру функцияларын қолдайтын онлайн құмар ойындар фактісі анықталды.«Алматыда 2023 жылдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру деректері бойынша 18 қылмыстық іс қозғалып, 14 тұлғаға қатысты сот үкімі шығып, олар сотталды, 3 іс қаралып жатыр. Департамент өндірісінде — 5 қылмыстық іс тергелуде. Заңсыз айналымнан 111 монитор, 102 процессор және ойын терминалы тәркіленіп, 1 500 терминал жойылды. Күдікті сайттардың сілтемесі бұғатталды», — дейді ол.
«Оны тексеру барысында, бірнеше адамның төрт ай бойы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 млнға жуық кіріс тапқаны дәлелденді», — деді Сабырғали Балғалиев.
Соңғы жаңалықтар
23.06.2026
14:29
Александр Пак 10 жылын қандай түрмеде өткізеді?
23.06.2026
14:12
Төреғали Төрәлінің әйелі 11 жыл ауыр дертпен кү...
23.06.2026
13:41
Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионат...
23.06.2026
13:38
«Маған қатты ұқсайтын еді»: Назарбаев марқұм жи...
23.06.2026
13:10
Көптен бері көрінбей жүрген Тасмағамбетов ел ал...
23.06.2026
13:05
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйе...