АҚШ-тың жаңартылған санкциялар тізіміне Қазақстан компанияcы енді

0
130

АҚШ Сауда министрлігі санкциялар тізімін жаңартып, оған тағы 123 компанияны қосты. Бұл туралы АҚШ Үкіметінің ресми құжаттардың федералдық тізілімінде жарияланған хабарламасында айтылған.

Тізімге Алматы қаласында тіркелген қазақстандық компания – түрік компаниясының All Global Trading Elektronik Dis Ticaret Ltd Sti өкілдігі кірді. Ашық ақпарат көздеріне сәйкес, негізгі қызмет түрі – электр жабдықтарын, сымдар мен микросұлбаларды көтерме саудада өткізу.

Сондай-ақ құжатқа 64 ресейлік, 42 қытайлық, 11 ирандық, 8 түрік компаниясы, Канада, Кипр, Қырғызстан, Украина және БАӘ елдерінен бір-бір ұйым кірді.

Ұйымдарды АҚШ Үкіметі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саяси мүдделеріне қарсы әрекет етуші деп таныды, – делінген хабарламада.

Фото: 9111.ru



ПІКІР ЖАЗУ