Моңғолияда үш қазақ спортшысы чемпион атанды — Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

0
67

Моңғолияда үш қазақ спортшысы чемпион атанды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Моңғолияның бүкіл халықтық XV спартакиядасы аясында жүріліп өткен самбо күресінде Баян-Өлгий аймағының спортшысы Серік Бердімұратұлы чемпион атанды. Сондай-ақ, Сайфолла Тілеубердіұлы атты спортшы поуэрлифтингден 120 келі салмақ бойыншы чемпиондық атаққа қол жеткізген.

Бұл туралы осы аптада «Kaznews»ақпараттың порталы хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Серік Бердімұратұлы аталмыш спартакияда ойындарында самбо күресінен +98 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, чемпион атанды.

Сонымен қатар осы аптада моңғолиялық Нұртілек Серікбайұлы есімді жас балуан жасөспірімдер арасындағы сайыста жеңімпаз атанды.

Моңғолиялық БАҚ-тың дерегінше, Ховд аймағының тумасы, моңғолдың ұлттық күресінен «Улсын аварга» яғни мемлекеттік чемпион атағын алған О.Хангайды ұлықтауға арналған салтанатты рәсім болып өтті. Аталған салтанатты шараға арналған палуандар сайысында 128 балуан күш сынасып, Ховд аймағының палуаны Б.Пүрэвсайхан (у.з) бірінші орын, Баянхонгор аймағының палуаны Н.Золбоо (у.х) екінші орын иеленді. Баян-Өлгий аймағының палуаны Серік Бердімұратұлы (у.з) мен Өвөрхангай аймағының палуаны Б.Цэдэнсодном (у.х) үздік үштікті қанағат тұтқан.

Ал, жасөспірімдер арасындағы сайыста Баян-Өлгий аймағының палуаны Нұртілек Серікбайұлы жеңімпаз атанған. Ол финалда Увс аймағының палуаны Н.Майдардан айласын асырған болатын.

www.KazNews.kz


ПІКІР ЖАЗУ