“Мұсылмандық өмір салтын насихаттағаны үшін ай сайын 9 миллион” – Камаладин

0
59

Танымал медиаменеджер Абылайхан Камаладиннің айтуынша, блогерлерге мұсылмандық өмір салтын насихаттап, исламды қабылдағаны үшін ай сайын 9 миллион теңгеге дейін қаржы ұсынылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы BES media YouTube-арнасына сілтеме жасап.

Qamaladin Media медиа агенттігінің негізін қалаушы Абылайхан Камаладин YouTube арнасында Арман Абдоллаға берген сұхбатында қазақ блогерлеріне исламды насихаттағаны үшін қалай ақша ұсынғанын айтып берді.

“Кейбір блогерлер келіп: “Оларға ай сайын діни өмір салтын көрсету және сол арқылы Исламды шынайы қабылдау туралы ұсыныс түскенін айтты”, — дейді Камаладин.

Айтуынша, блогерлерге айына шамамен 10-20 мың доллар ұсынылып отырған.

”Адырна” ұлттық порталы


ПІКІР ЖАЗУ