ЕЛДЕ ₸ 1 ТРЛН ЖУЫҚ ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫЛҒАН АКТИВ ҚАЙТАРЫЛДЫ

0
28

 

 Қазір елімізде заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары да бұл туралы күнделікті айтып келеді. Бүгінде елге қайтқан қаржы көлемі 1 трлн теңгеге жуықтапты. Екі жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөнінде тапсырма бергені белгілі.

⚖️Нәтижесінде, екі жылда 1 трлн теңгеге жуық актив қайтарылды. Құзырлы органдардың ауқымды жұмысының арқасында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік нысаны анықталды. Олардың 131 шетелде тіркелгені де белгілі болды. Бұдан бөлек, жалпы құны 448 млрд теңге болатын құнды қағаздар бойынша мәлімет жинақталды. Банк операцияларына да қатысты жан-жақты тексеріс жүргізілуде. Яғни, сомасы 220 трлн теңге болатын банк операцияларының тізімі жасалды.

💵Бұл орайда, шығу тегі күмән тудыратын 1,4 трлн теңгенің операциялары жан-жақты сарапталып жатыр. Заңсыз иемденген активтерді қайтару: 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік ₸448 млрд құнды қағаз ₸220 трлн банк операциялары Бұған дейін активтерді заңсыз иемденуі мүмкін тұлғалар тізімі жасалған-ды. Қазір кейбір тұлғалармен мүлікті өз еркімен қайтару туралы процессуалдық келісім жасау жоспарланып отыр. Қазір күдікке ілінгендер тізімі жаңарып жатыр.

✔️Жер бойынша жұмыстар: 10 млн га жер қайтарылды 3,4 млн га бос жатқан жер игерілді 2,8 млн га жер қайта бөлінді.

✔️Қайтарылған активтер: Лихтенштейн – $260 млн Австрия – $82 млн БАӘ – $15 млн Гонконг – $2 млн

✔️344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік ₸448 млрд құнды қағаз ₸220 трлн банк операциялар.


ПІКІР ЖАЗУ