Вице-министр қызметінен босатылды

0
24

 

 

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Арман Жүдебаев қызметіне 2023 жылдың шілдесінде кіріскен. Алты айдан кейін оның қызметінен босатылғаны белгілі болды.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды», — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Арман Жүдебаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.

2011-2013 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері.

2018 жылдан 2023 жылға дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.

2023 жылғы мамырдан бастап мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымына тағайындалғанға дейін мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болды.


ПІКІР ЖАЗУ