Қазақстан неге дайын қантты шетелден қымбатқа сатып алады?

0
18

Елімізде қант өндірісі шығыны көп сала болып отыр.Сол себепті отандық өнім дүкен сөрелерінен жоғалып кетуі әбден мүмкін. Оған ең бірінші кезекте Ресейден келетін «сұр импорт» жол байлау. Десе де ішкі проблемалар да шаш-етектен.Бүгінде еліміздегі қант өндірісі тоқырау кезеңін бастан кешуде. Олай дейтініміз, қант саласын дамытудың Кешенді жоспары мемлекеттік органдардың мақұлдауында жатыр. Оған қашан өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні белгісіз. Белгілісі оның іске асыру мерзімдері 2028 жылға дейін ұзартылатыны. Егер жоспардың барлық тармақтары бұлтартпасыз орындалар болса, онда сала қайта жанданар еді. Бірақ, өткен күнге қарай отырып, олай боларына сену қиын.Өкінішке қарай, біз 2023 жылға ойлаған жоспарларымызды толық жүзеге асыра алмадық. Мәселен, 400 мың тонна қант өндіреміз, оның 70 мың тоннасы қант қызылшасынан болады дегенбіз. Бірақ, алдын ала мәліметтерге қарағанда тек 200 мың тоннаға жуық қант өндіре алдық, соның ішінде 40 мың тоннасы қызылша шикізатынан. Неге? Өйткені, «сұр импорттың» ағыны тоқтаған жоқ. Мұның соңы қант зауыттарының өзі өндірген қантты тиісті бағамен сата алмауына алып келді. Осылайша, қазақстандық қант объективті себептерге байланысты ресейлік қантпен баға бойынша бәсекеге түсе алмады. Біз мемлекеттік органдардан автомобиль көлігімен қант әкелуге тыйым салуды бірнеше рет сұрадық. Сонда ғана «сұр» импорттың көлемін азайтуға мүмкіндік болар еді», — дейді «Қазақстанның қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының» президенті

Бір сөзбен айтқанда қант зауыттарының жағдайы сол баяғыша. Жергілікті шаруалар еккен қызылшалар қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан егістік алқаптарын ұлғайту қажет. Әйтпесе, зауыттардың өзіне қант қызылшасын өсіретін жер беру керек. Онда да егістікті сумен қамту, қызылша сапалы шығу үшін ауыспалы егіс алқабын сақтау қажет. Одан бөлек, қант бағасы көптеген факторлардың ықпалына ұшырайтын жоғары құбылмалы өнім екенін ескерген жөн. Мысалы, оның құнына, қант құрағы болса, биржалық баға, өзіміздің төл өнім болса, оның көлемі әсер етеді. Теріскей көршімізбен ортақ шекарамыз ұзын болғаны тағы бар, ол жақтағы жағдай біздің нарыққа қандай да бір табын қалдырады. Осының бәрін жаңа жоспарда ескеру қажет.

Қант монополиясын еріту керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы өңірге сапарында Жетісудың ауыл шаруашылығындағы басым бағыттың бірі – қант қызылшасы екеніне тоқталып, еліміздегі төрт қант зауытының екеуі осы жерде орналасқанын атап өткен еді. Сол кезде тоқтап тұрған бір зауытты тезірек толық іске қосуды, қажет болса, басқа инвестор тартуды қарастыру керек екеніне назар аударған. Облыстағы екі қант зауытының қуатын 100 пайызға жеткізіп, 2026 жылға қарай отандық өнімнің үлесін алты есе ұлғайту, яки 180 мың тоннаға дейін арттыру жөнінде тапсырма берген болатын


ПІКІР ЖАЗУ