Ресейлік саясаттанушы Аркадий Дубнов: Тоқаев посткеңестік кеңістіктегі айрықша құбылыс

0
20

 

Қазақстанның әлемнің «орта державаларының» бірі ретінде танылуы елдің инвестициялық және кредиттік рейтингінің артуына септігін тигізбей қоймайды. Неміс зерттеу орталығының мұндай шешімі мен түрлі рейтингтер алу келешегі арасындағы өзара байланыстылық айқын. Бұл елге сенімді арттырып, мүмкіндігін еселейді.

Қазақстан заңсыз шығарылған активтерді қайтару мүмкіндігін арттыруү шін халықаралық құрылымдармен ынтымақтастықты бастап отыр. Бұл өте маңызды. Қазақстан 90-жылдардң ортасында халықаралық консорциумдар мен мұнай көмпаниялар өзіне тартуға мүмкіндік алған кезде қуатты экономикалық өсімге серпін болғанын ескерген жөн. Сол қауіпсіздік көпшігі пен өзіңе деген сенімділік Қазақстанның әлемдің мұнай өндіру және мұнай өңдеу өнеркәсібіне қосылуына, мұнайды Батысқа, одан кейін Қытайға тасымалдауына негіз болды.

Президент Тоқаевқа қатысты айтар болақ, бұл орайда бұған дейін айтқанымды қайталаймын. Ол — кейбір қатынаста посткеңестік кеңістіктегі мүлдем айрықша құбылыс. Себебі ол саясатқа халықаралық ауқымдағы дайын қайраткер болып келді. Оның үлкен саяси әрі ішкі саяси жолдан өткенін айтпасақ та болады. Ол Сыртқы істер министрі, Премьер-Министр болды. Осы кезеңдердің бәрі есімде жақсы сақталған. Әрине, оның әлемдік имиджінің қалыптасуына көп жағдайда Женевада кеңсесі бар БҰҰ бас хатшысының бірнеше жыл орынбасары болуының да себепкер екендігін атап өткен жөн. Бұл да оның әлемге деген көзқарасының қалыптаса түсуіне септігін тигізді. Және де ол Президент болғаннан кейін бұл таңдаудың бүгінде өзін-өзі барынша ақтады деп ойлаймын.

Өйткені, Тоқаев өте ауыр өзгерісті сәтте лайықты саясаткер болып шықты. Сондай-ақ адами қасиеті тұрғысынан да лайықты бола білді. Өйткені, ол сыртқы әлем, бірінші кезекте әлемдік ойыншылар тарапынан өте кездейсоқ, мәнсіз талаптармен бетпе-бет келген кезде елін лайықты қорғай алды. Ол Қазақстанды Шығыс пен Батыс арасындағы теке-тірес шұңқырына тартудан шеттете алды. Айтпақшы, ол бір жыл бұрын түпкі ойы мынадай «Қазақстанның Президенті ретіндегі міндетім — елді Шығыс пен Батыс арасындағы осынау бөлшектену иіріміне түсіп кетуіне жол бермеу» деген фраза айтқан болатын. Бұл оның қолынан келді және бұл өте қымбатқа түсті.

Аударған: Politico.kz


ПІКІР ЖАЗУ