Құрылтайдағы Президент айтқан құнды ойлар — 2

0
21

 

1. Халқымыздың дүниетанымында қара киініп жүру деген атымен болмаған.

2. Ясауи қабірінде көптен бері арнайы жапқыш жоқ.

3. Қыз алып қашу – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық.

4. Мемлекеттік Елтаңба өзгертілуі мүмкін.

5. Деструктивті насихаттарға біздің еліміздегі балалар да ілесіп кетіп жүр.

6. Сунниттік бағыттағы ханафи мәзһабына ден қоюымыз қажет.

7. Елімізде кәсіби археологтар тапшы.

8. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын.

9. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия да қазіргі уақыттағы қатерлі үрдіс. Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бір сөзбен, қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Заң мен тәртіп қатаң сақталуға тиіс, яғни қоғамда заң үстемдігі болуы қажет. Ең бастысы, біз мейірімді әрі мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.

10. Өркениетті елдің әрбір азаматы қоғам мүлкін өз мүлкіндей қорғауы керек .Тағы бір кесел, бұл – вандализм. Өкінішке қарай, қоғамдық мүліктен бастап, мыңжылдық мәдени мұраларға дейін – бәрін жаппай бүлдіру кейінгі кезде әдетке айналған. Бурабайдағы Жұмбақтасты, Баянауылдағы Кемпіртасты қараңыздар. Ең жауһар жерлеріміздің сұлулығы шимайдың астында қалып жатыр.

“Politico” сілтейді


ПІКІР ЖАЗУ