Нәтижесін көп ұзамай көреміз: Президент Үкіметке түбегейлі реформа жасауға берілген толық құзырет туралы

0
31

 

«Соңғы бес жылда көптеген маңызды бастаманы жүзеге асырдық. Нәтижесінде Қазақстан саяси тұрғыдан түбегейлі өзгерді. Халықтың әл-ауқатын арттыру үшін нақты шаралар қолға алынды. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке экономиканы түбегейлі реформалау үшін барлық құзырет берілгенін атап өтті.

«Халқымыз оның нәтижесін көп ұзамай көреді деп сенемін. Бірақ ең бастысы – нақты мақсат қойып, соған ұмтылу. Осыны жете түсінген жөн. Әр азамат еліміздің қайда бет алғанын, ертеңіміз қандай болатынын білуі керек. Бұл – өте маңызды», — деді Президент.


ПІКІР ЖАЗУ