Қазақстандықтар 7-20-25 арқылы 999 млрд теңгеге ипотека рәсімдеген

0
24

«7-20-25» бағдарламасы аясында бас-аяғы 73 161 қарыз берілді. Бұл жайында Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 999 млрд теңгеге 73 161 несие берілген.

Ең көбі Астанада — 418,2 млрд теңге. Одан кейінгі орындарда 231,7 млрд теңгемен Алматы және 67,5 млрд теңгемен Шымкент тұр.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, Қазақстанның орнықтылық қорына + 7 (727) 227-20-25 нөміріне хабарласуға болады.

 


ПІКІР ЖАЗУ