Қазақстандықтарды Кореяда ресми жұмысқа қабылдайтын бағдарлама қашан іске қосылады?

0
22

 

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-ик қазақстандықтарды заңды жұмыспен қамту бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты.

«Осы жылы Қазақстанда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесін енгіземіз деп күтемін. Кейін қазақстандықтарға Кореяда 3 жыл жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Біз медициналық базалық сақтандыруды және зейнетақы аударымдарымен қаммтамасыз етуді ұсынамыз. Мұндай қорғау Кореяда жұмыс істейтін қазақстандық жұмысшылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін өте маңызды»,-деді Чжо Тэ-ик.

Алайд елші жүйе аясында Кореяда жұмыс істегісі келетін қазақстандықтар тестілеуден өтетінін айтты. 

“Тілдік кедергі мәселесі өте маңызды. Нұсқауларды дұрыс түсінбеу немесе кәріс қызметкерлерімен қарым-қатынас жасау қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан Кореяға жұмыс істеуге келген қазақстандық тілді белгілі бір деңгейде білуі керек. Корей тілінен шағын тест өткізіледі», — деп қосты ол.

 


ПІКІР ЖАЗУ