Ресейде жағдай нашарлап барады. Орскте медициналық көмек уақытша тоқтады

0
18

 

Пациенттер Новотроицк (шамамен 20 шақырым) мен Орынборға (250 шақырымнан астам) жіберілуде. Екі ауруханада тек жедел және шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсетіп жатыр. Ресейге қарағанда, Қазақстан медициналық көмекті тоқтатпады.

Орынбор облысының денсаулық сақтау министрі Татьяна Савинова Орск медициналық қызметі төтенше жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтты.

Орск қалалық ауруханасы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансердің филиалы су астына кеткен. Кей науқастар бірден сол жерден эвакуацияланды.

Су тасқыны аймағында орналасқан басқа емханаларда да медициналық көмек тоқтатылып, пациенттер үйге жіберілген.

Қазақстан Ресейдегі ауыр жағдайды бақылап отыр. Бізде де төтенше шаралардың барлығы қолға алынған. Аймақтарда медициналық эвакуацияға дайындық барысы пысықталуда.


ПІКІР ЖАЗУ