Әлем нарығында Қазақстанның азық-түлік өнімдеріне сұраныс артып келеді

0
25

 

Соңғы үш жылда Қазақстанда дайын өнімді белсенді экспорттаушылар саны 440-тан 760-қа дейін көбейді. Бүгінде қазақстандық экспорт үшін Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы сынды бірнеше басым нарықтар анықталды.

Сарапшылардың айтуынша, 2020 жылы Президенттің бастамасымен экспортты жеделдету бағдарламасы (акселерациясы) іске қосылғаннан кейін шетелге тауарлар мен қызметтерді жеткізетін кәсіпорындар саны айтарлықтай артқан. Сол жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы орта бизнеске де ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қол­дауды күшейту керек. Үкіметке шикізаттық емес орта кәсіп­орындарға арналған экспорттық акселерация бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Бұл идеядан нәтижеге дейін мақсатты түрде қолдау көрсету үшін қажет. Шағын және орта бизнестің жалпы іш­кі өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтыл­ған­дардың саны 4 миллион адамға дейін көбеюі керек. Бұл осы саланы дамы­туға бағытталған жұмыстардың басты нәтижесі болмақ, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында.


ПІКІР ЖАЗУ