Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады

0
36

 

Мемлекет басшысының құттықтауын Ақорда жариялады. 

 

“Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!” – деп жазды мемлекет басшысы Instagram парақшасында. 

 

Бұған дейін Елена Рыбакинаның Штутгарттағы беделді турнирде жеңіске жеткенін хабарлаған едік.

 


ПІКІР ЖАЗУ