Су тасқынынан зардап шеккендерге тағы да қосымша өтемақы төленеді

0
26

 

Үкімет басшысы Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында су тасқыны қаупі саябырсығанын жеткізді. Ал өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады дейді.

Олжас Бектенов залалды өтеу жұмыстары басталып кеткенін айтты.

“Қазір 11 мыңға жуық отбасы (100 АЕК) 370 мыңға жуық төлем алды. Қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін (553 800 тг) төлейміз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезекте қажет заттарды сатып ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі”, – деді Бектенов. 

Ол азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ешкім көмексіз қалмайтынын жеткізді.

 


ПІКІР ЖАЗУ