“Ассасблея — жасанды ұйым емес”

0
24

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысындағы маңызды ойлары:

1. «Зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз ету – Президент ретінде менің алдымда тұрған аса маңызды міндет».

2. Апат аймақтарына 1500 тоннадан астам азық-түлік және ең қажетті тауарлар жолданған.

3. Ассамблея – кейбір адамдар айтып жүргендей жасанды ұйым емес – Президент.

4. Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет.

5. Өскелең ұрпақтың дүниетанымы тарихқа қатысты өкпе-реніштен ада болуға тиіс – Президент.

6. Президент: Қазір Қазақстан Әлем төлқұжаттары индексінде 66-орында тұр.

7. Біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

8. Президент: Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін.

9. Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Республикасының кез келген азаматы әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, біздің мемлекетіміздің қорғауында болады. Біз ешқашан өз азаматтарымызды тағдыр тәлкегінде қалдырмаймыз.


ПІКІР ЖАЗУ