Қазақстан Ресей арқылы Германияға мұнай тасымалының тоқтатылғанын жоққа шығарды

0
21

Қазақстанның Энергетика министрлігі төлем мәселесіне байланысты Ресей арқылы Германияға жеткізілетін мұнай тасымалының тоқтатылғанын жоққа шығарды.

Осыған дейін Reuters агенттігі Ресей Қазақстан тарапын төлем мәселесіне байланысты Германияға мұнай тасымалы 2024 жылдың маусымынан бастап тоқтатылатыны туралы ескертті, деген ақпарат таратқан болатын.

Онда аталған сервис келісімінің мерзімі 5-маусым күні аяқталатыны айтылған. Алайда келісімнің шарттары мен Ресей алғысы келетін қаржы көлемі туралы ештеңе айтылмаған.

«Транснефть» кейінгі аптада қазақстандық тасымалдаушыларға Польшаның мемлекеттік құбыр желісі операторы PERN-нің өзінің Польша-Беларусь шекарасындағы Адамов базасында газды өлшеу бойынша қызметінің құнын үш сауда көздері бойынша маусым айына дейін төлеуі қажеттігі туралы ескерткен», — деп хабарлады Reuters.

Қазақстанның Энергетика министрлігі бұл ақпаратты растамады.

«Бізде мұндай ақпарат жоқ», — деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов.


ПІКІР ЖАЗУ