Қазақстан қай елдерге мұнай-газ химия өнімдерін экспорттайды

0
37

2023 жылдың қорытындысында елімізде 306 мың тонна мұнай-газ химия өнімдері өндірілді. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті.

«Бүгінгі таңда көмірсутек шикізатынан келесі мұнай-газ химия өнімдері өндіріледі: бензол, параксилол, полипропилен, метил-трет-бутил эфирі және басқалары 2023 жылы мұнай-газ химия өнімдерінің жиынтық өндірісі 306 мың тоннаны құрады. Оның ішінде экспортқа 227 мың тоннасы жіберілді және бұл көрсеткіш 2021 жылмен (87 мың тонна) салыстырғанда 2,6 есеге өсім көрсетті», — деп атап өтті министрліктен агенттік тілшісінің сауалына орай.

Ведомство ұсынған дерекке сәйкес, мына елдерге мұнай-газ химия өнімдері экспортқа шығарылған.

— полипропилен: Қытай – 94,5 мың тонна, Ресей – 44,9 мың тонна, Еуропа – 30 мың тонна, Түркия – 14,1 мың тонна.

— бензол: Қытай – 25,3 мың тонна.

— параксилол: Қытай – 18,2 мың тонна.


ПІКІР ЖАЗУ