Қазақстандықтар жайлы мектептердің құрылысына қатыса алады

0
28

Ұлттық жобаның бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ білім беру кеңістігінің атмосферасы мен үйлесімділігін шолуға мүмкіндік беретін 3D-үлгіні ұсынып отыр.

Оның көмегімен қызығушылық танытқан азаматтар жайлы мектептердің ішкі интерьерімен танысып, пікірін білдіре алады. Одан бөлек, қазақстандықтар арнайы сауалнамаға қатысып, ұсыныстар бере алады.

Пікірлер мен ұсыныстар биыл 10 мамырға дейін қабылданады.

 


ПІКІР ЖАЗУ