Қазақстанның ең бай кәсіпкерінің біріне тиесілі компания Американың санкциясына ұшырады

0
23

 

Ресейдегі Чукотка өңірінде орналасқан ірі алтын-мыс кен орнын игеруге дайындалып жатқан «Баимская» тау-кен өндіру кешені SDN List тізіміне енді.

«Баимская» тау-кен өндіру кешені Владимир Ким және Олег Новачукқа тиесілі.

«Баимская» тау кен орнының ресурсы 9,5 миллион тонна мыс пен 16,5 миллион унция алтынға бағаланған. Кеніш 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.

Кен орнында қазіргі уақытта бастапқы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кен орнын электрмен жабдықтауды «Росатом» корпорациясы салатын және басқаратын атом электр станциясы қамтамасыз етеді.

 


ПІКІР ЖАЗУ