«Моральдық сынақтан өте алмадым»

0
18

 

Сотта әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев соңғы сөзін айтты. Ол әлі күнге дейін қасақана кісі өлтіру бойынша кінәсін мойындамай отыр.

«Біз күн сайын Құдайдың сынағына түсеміз. Ең жоғары адамгершілік құндылықтар сынға түседі. Сол күні, яғни қарашаның 8-нен 9-ына қараған түні бұл сынақтан өте алмадым. Осы әрекетке барғаным үшін өкінемін», — деді сотталушы.

Ол өз әрекеті үшін қартайған ата-анасынан, Нүкенованың туыстарынан және барлық қазақстандықтардан кешірім сұрады.

 


ПІКІР ЖАЗУ