Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

0
21

Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.


ПІКІР ЖАЗУ