Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан

0
26

 

«2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі бекітілген қаруды алып, бөлімді өз еркімен тастап кету фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлім аумағында. Зардап шеккендер жоқ», — деп жазылған ресми мәліметте.

Кей мәліметтер бойынша, әскери бөлімнен қашқан сарбаз — Көкшетау қаласының тумасы. Ол әскерге биылғы 18 сәуірде шақырылған.

 


ПІКІР ЖАЗУ