1 қыркүйектегі салтанатты жиын алдында оқушы қыз мұғалімге пышақпен шабуыл жасаған
Оқушы қыз физика пәнінің мұғаліміне бұрышты газ баллонын шашып, артынша пышақпен шабуыл жасаған. Оқиға Ресейдің Красноярск өлкесінің Канск қаласында 1 қыркүйекке арналған салтанатты жиын басталар алдында болған, деп хабарлайды Politico.kz.
Kras Mash Telegram-арнасының жазуынша, мектеп директоры оқиға орнында қазіргі уақытта тергеушілер жұмыс істеп жатқанын хабарлаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жетінші сынып оқушысы салтанатты жиын алдында мұғалімге бұрышты газ баллонын шашып, кейін оған пышақпен шабуыл жасаған.
Оқушылардың бірінің анасы мұғалімге көмекке келіп, шабуыл жасаған қызды дәлізге қарай итеріп шығарған.
Ресейдің 112 арнасының хабарлауынша, Канск қаласында газ баллонынан шашылған заттан жеті адам, оның ішінде бес бала зардап шеккен.
Куәгерлердің айтуынша, оқушы қыз ішінде жанғыш қоспасы бар бөтелкені де лақтыруға әрекет жасаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
14:09
Дариға Бадықованың асырап алған қызының қазір н...
16.10.2026
13:23
Қазақстанда әлеуметтік көмек қысқармайды: Бекте...
16.10.2026
13:00
Таиландтан ұшып келген 20 жастағы қазақстандық ...
16.10.2026
12:42
C, D және E санаттарына қай отбасылар жатады: Е...
16.10.2026
12:25
Айбек Смадияровқа аса жауапты қызмет бұйырды
16.10.2026
12:21
Қызылордада ана мен 5 айлық сәбиді қаққан жүргі...