«100 миллиондық үйім бар»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

«100 миллиондық үйім бар»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады
26.02.2025 18:14
0
87
instagram.com/zhaksygen_n

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің әйелі, блогер Фариза Алмаз жеке өміріндегі соңғы жаңалықты бөлісті.

Желі жұлдызы таңғы 4-те бұрынғы күйеуінің жазған хатын жеке парақшасында жариялады. Актер балаларының анасының үйсіз жүргенін бетіне басқан. 

“Өзіңнің үйің жоқ, күйің жоқ жүрсің. Әке-шешеңмен біргесің. Мені өзіңмен салыстырма. 100 миллион теңгелік үйім бар”, – деп жазған актер. 

Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген эфирде бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, қоңырау шалған еді. 

“Отбасын сақтап қалу – әрбір ер-азаматтың міндеті. Қателескен жерлерім болса, кешірім сұраймын. Халықтың алдында, өз ата-анамның, ол кісінің ата-анасының алдында кешірім сұраймын. Алла қаласа отбасымды сақтап қалуға бар күшімді салуға тырысамын", – деп жан сырын ақтарған еді киножұлдыз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий