$100 үшін адам сабаған: Қостанайда тапсырыспен күш көрсеткен ер адам 4 жылға сотталды

11.08.2026 16:44 Мөлдір ҚАЙНАР
$100 үшін адам сабаған: Қостанайда тапсырыспен күш көрсеткен ер адам 4 жылға сотталды
169
Фото: depositphotos

Қостанай қаласының №2 соты Telegram арқылы тапсырыс алып, ақшаға адам соққыға жыққан ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот оны аса қатыгездікпен тән азабын келтірді деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы Telegram мессенджерінде «тапсырыстар» орындайтын топқа тіркеліп, заңсыз табыс таппақ болған. 2026 жылдың наурыз айының соңында оған белгісіз тұлғадан $100–200 сыйақы үшін азаматты соққыға жығу туралы тапсырма түскен. Айыпталушы сыбайластарымен бірге жәбірленушіні тауып алып, аяусыз соққыға жыққан. Осы әрекеті үшін ол $100 алған.

Сот отырысында айыпталушы өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінді. Ал жәбірленуші де оған шағымы жоғын айтып, жеңілдеу жаза сұраған.

Дегенмен сот қылмыстың топпен жасалғанын ауырлататын мән-жай ретінде ескеріп, айыпталушыны 4 жылға орташа қауіпсіздік мекемесіне бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий