139 қазақстандық әскери қызметкер БҰҰ марапатына ие болды

21.02.2026 12:26 Қарақат АСЫЛОВА
139 қазақстандық әскери қызметкер БҰҰ марапатына ие болды
148
Фото: gov.kz
Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлерге БҰҰ медальдары табысталды

Қазақстандық бітімгерлерге БҰҰ медальдары табысталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Голан жоталарындағы Фауар базасында қызмет етіп жүрген қазақстандық бітімгерлер БҰҰ миссиясы аясындағы жұмысы үшін арнайы медальдарға ие болды. Марапаттарды миссия қолбасшысы генерал-майор Анита Асма табыстады.

139 әскери қызметкердің барлығы БҰҰ-ның бітімгершілік операциясына қосқан үлесі үшін марапатталды. Қазақстандық контингент аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, базаларды күзетеді, жергілікті тұрғындармен байланыс орнатады және тұрақтылықты сақтау бағытында міндеттер атқарады.

2025 жылдың сәуір айынан бері бітімгерлер 55 жауынгерлік тапсырманы орындап, 1200-ден астам жарылғыш затты және 50-ден аса қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны залалсыздандырған.

Қазіргі уақытта қазақстандық контингент өз жауапкершілік аймағында қызметін жалғастырып, бейбітшілікті сақтау ісіне үлес қосуда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий