15 жастағы қызды әйелдікке алған 37 жастағы ер адам сотталды

15 жастағы қызды әйелдікке алған 37 жастағы ер адам сотталды
17.10.2025 07:08
0
543
фото: ашық дереккөз

Қарағандыда 15 жастағы қызды зорлаған ер адам 17 жылға сотталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қарағанды. 17 қазан. Қарағанды облысында кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалған ауыр қылмыс бойынша сот үкімі шықты. Сот 15 жасар қызды зорлағаны үшін 37 жастағы ер адамды 17 жылға бас бостандығынан айырды.

Іс материалдарына сәйкес, сорақы оқиға биыл ақпан айында басталған. Жәбірленушінің анасы мен өгей әкесі 15 жастағы қызына ересек ер адамға тұрмысқа шығуды ұсынған. Қыз оның 37 жаста екенін білген соң, бұл ұсыныстан бас тартқан.

Алайда, наурыз айында өгей әкесі оны сол ер адаммен бірге Қарағанды қаласына жіберген. Олар жалдамалы пәтерге тоқтап, сол жерде сотталушы жәбірленушінің кәмелетке толмағанын біле тұра, оған зорлық-зомбылық көрсетіп, ауыр қылмыс жасаған. Қыз бала зорлық көргеннен кейін бес күн өткен соң ғана қашып шығып, туған әкесін паналап барған.

Прокурор сотталушыны 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот бұл сұранысты толық қанағаттандырып, ер адамды 17 жылға соттады. Сонымен қатар, ол өмір бойы білім беру саласында және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Бұл іс бойынша сот прокуратураның атына жеке қаулы шығарып, жәбірленушінің анасы мен өгей әкесінің әрекеттерінде қылмыс құрамының бар-жоғын тексеруді тапсырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий