“20 млн теңгелік торт”. Танымал блогер туған күнін дүркіретіп тойлады
890
Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариғаның туған күнін аса дарақылықпен тойлаған. Олар P.Diddy-дің «ақ кештерін» басшылыққа алған болуы керек, себебі туған күн қонақтарының дресс-коды ақ киім болған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жақында некесіз баласы бар екені белгілі болып, басы дауға қалған блогер Дархан Жолшыбеков тағы да елді шулатты.
Бұл жолы ол әйеліне елде болмаған той жасап берген. Дариға Нұкееваның 26 жасына Қазақстанның әншілері мен блогерлерінен басқа, Ресейден ат терлетіп танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров та келген.
Осы кешті жүргізген де сол болды. Ал қазақ эстрадасының королі Мейрамбек Бесбаев, Ғазизхан Шекербеков, Мәдина Сәдуақасова сынды әншілер туған күн иесі үшін ән салған.
Сондай-ақ туған күн иесі үшін құны 20 млн теңгенің торты әзірленген. Оның ұзындығы 2 метрге жуықтайды, зәулім сарай сынды тәтті бәліштің қақ ортасында блогердің лақап аты - «DARICORN» деген жазуды байқауға болады.
Бұған дейін жазғанымыздай, Дархан Жолшыбеков әйеліне 150 млн теңгенің темір тұлпарын сыйлаған еді. Дегенмен, БАҚ беттерінде ол басқа әйелден туған қызына ай сайын 15 мың теңге алимент төлеп келгені жазылған. Кейін блогер қызына пәтер мен көлік сыйлағаны хабарланған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
18:55
Бірнеше рет оқ атылған: Алматыда иттер панасыны...
09.10.2026
18:50
Тоқаев: Каспий итбалықтарының саны миллионнан 2...
09.10.2026
18:39
"Балалар мерекесінде аниматор болдым". Жұлдыз Ө...
09.10.2026
18:23
Жұлдыз Өмірғали: Жүктілік кезінде 20 кг салмақ ...
09.10.2026
18:08
“Кездесуге шақырып, несие рәсімдетті”: Астанада...
09.10.2026
17:18
«Пайдаланып кетті»: Бағлан Әбдірайымов бұрынғы ...