20-22 маусымдағы ауа райы

20.06.2026 08:00 Абзал БАХЫТЖАНОВ
20-22 маусымдағы ауа райы
4
Фото: pixabay.com

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы демалыс күндері күн қатты ысып, кейбір өңірлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жел күшейіп, найзағай ойнайды және кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал. Сонымен қатар 21 және 22 маусым күндері батыс аймақтарда жауын-шашын мол болады деп күтілуде.

Осы күндері республика бойынша сынап бағанасы 30 бен 38 градус аралығында тербеледі. Ал солтүстік-батыс пен орталық облыстарда аптап ыстық күшейіп, температура 40 және 41 градусқа дейін жетеді. Тек батыста ғана ауа райы сәл салқындап, температура 22 мен 33 градус аралығын көрсетеді.

20 маусым күні еліміздің батыс, солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген аудандарда желдің екпіні күшейіп, бұршақ түседі.

Батыс Қазақстан

Атырау облысында ауа температурасы +25...+34 °C болып, аздаған жаңбыр жауады.

Маңғыстау облысында +23...+32 °C күтіледі, жауын-шашынсыз.

Батыс Қазақстан облысында күн +21...+28 °C дейін жылып, аздап жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысында +18...+33 °C аралығында болады, кішкене жауын түседі.

Солтүстік Қазақстан

Солтүстік Қазақстан облысында +19...+27 °C шамасында, күн ашық болады.

Қостанай облысында +16...+31 °C күтіледі, жауын-шашынсыз.

Ақмола облысында +21...+27 °C көрсетіп, аздаған жаңбыр өтеді.

Павлодар облысында +20...+30 °C болып, жауын-шашын болмайды.

Орталық Қазақстан

Қарағанды облысында ауа +19...+29 °C дейін қызады, күн жауын-шашынсыз.

Ұлытау облысында температура +22...+34 °C жетіп, найзағай ойнап жаңбыр жауады.

Шығыс Қазақстан

Шығыс Қазақстан облысында +16...+29 °C күтіледі, жауын-шашын байқалмайды.

Абай облысында ауа +18...+29 °C дейін жылиды, күн ашық.

Оңтүстік Қазақстан

Түркістан облысында +23...+34 °C болып, аздаған жаңбыр түседі.

Жамбыл облысында +20...+27 °C аралығында болып, найзағай мен жаңбыр күтіледі.

Қызылорда облысында +23...+34 °C шамасында, жауын-шашынсыз.

Алматы облысында температура +24...+34 °C дейін көтеріледі, күн ашық.

Жетісу облысында +18...+32 °C күтіледі, жауын-шашынсыз.

Войдите, чтобы оставить комментарий