2026 жылы айлық өседі: Кімнің және қанша?

14.12.2025 18:13 Берік Арманов Берік Арманов
2026 жылы айлық өседі: Кімнің және қанша?
0
211
Фото: Pixabay.com

Премьер-министр Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының сауалына берген ресми жауабында жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысына қатысты маңызды жаңалықты айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Келесі бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде еңбек ететін жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік шеберлігі үшін лауазымдық жалақысының 30%-ы мөлшерінде қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр.

«Бұл мақсатта 2025–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 1,8 миллиард теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта Үкіметтің тиісті қаулысына толықтырулар әзірленіп, келісу процесінен өтуде», – деді Бектенов.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама аясында республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен спорт саласы қызметкерлеріне үстемеақы тағайындауға, ал ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға лауазымдық жалақысының кемінде 25%-ын құрайтын қосымша ақы төлеуге құқылы.

Айта кетейік, дене шынықтыру және спорт ұйымдарында қызмет ететін жаттықтырушылар азаматтық қызметшілер қатарына жатады. Үкімет қаулысына сәйкес, олардың жалақысы жыл сайын 20%-ке өсіп отыруы тиіс.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий