2026 жылы Қазақстанда жалақы мен зейнетақы қандай болады
2118
2026 жылға арналған бюджет жобасындағы ең төменгі жалақы (ЕТЖ), зейнетақы және айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерлері белгілі болды.
"Ашық НҚА" сайтында "2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы жарияланды. Онда 2026 жылға арналған негізгі әлеуметтік есептік көрсеткіштер көрсетілген.
Егер заң жобасы қабылданса, ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсеткіштер төмендегідей болады:
- ең төменгі жалақы – 85 000 теңге, 2025 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз;
- ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы 62 771 теңге);
- ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге (2025 жылы 32 360 теңге);
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы 3932 теңге);
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру шекті сома – 50 851 теңге (2025 жылы 46 228 теңге).
2026 жылы жасы бойынша зейнетақылар мен еңбек өтілі үшін төленетін зейнетақы төлемдері 10%-ға көбейеді.
Соңғы жаңалықтар
01.09.2026
23:30
Саясат Нұрбек: Тіл үйрену фитнес сияқты тәртіпт...
01.09.2026
22:41
"Жеңгемнің бетіне қарай алмадым". Құралай ханым...
01.09.2026
22:20
Шымкенттің айналма автожолына екі лот бойынша 9...
01.09.2026
22:14
Құралай ханым: Табыттың ішіне тірідей жатқызып,...
01.09.2026
20:22
Косметикаға жасырылған есірткі: ҰҚК Алматы әуеж...
01.09.2026
18:44
Санжар Боқаевтың ісі қорғау тарапы материалдарм...