«3 тексеруде де жүктілік анықталмаған»: Ақтөбе облысында оқушы қыз босанды

Актөбе облысының Ойыл ауданында елді дүрліктірген оқиға болды. Тоғызыншы сыныптың оқушысы жүктіліктің 38-аптасында сәбиін дүниеге әкелді. Бұл ақпаратты өңірдің білім басқармасы растады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Білім басқармасының мәліметінше, 14 жастағы оқушы қыз 2025 жылдың 13 қазанында босанған.
«Жасөспірім бұған дейін үш рет медициналық тексеруден өткен: 2025 жылдың 13–18 наурызы аралығында аудандық ауруханада, 28 мамырда жазғы лагерьге тіркелу кезінде және 10 қыркүйекте ата-аналарымен бірге өткен бірлескен тексеру барысында. Ешбір жағдайда дәрігерлер ерте жүктіліктің белгілерін анықтамаған», – делінген Актөбе облысының білім басқармасының хабарламасында.
Полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында кешенді тергеу және іс жүргізу шаралары атқарылуда. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп мәлім етті Актөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті ретінде істе фигурант – кәмелетке толмаған қыздың әжесінің күйеуі болып отыр. Ер адам 14 жастағы оқушының туған атасы емес.
Соңғы жаңалықтар





