"30 млн теңгеге торт алған": аста-төк той жасаған блогер сынға қалды

13.03.2025 14:05
0
20
видеодан алынған кадр/sn.kz

Танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова үйлену тойын өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Жыл тойын бастаймыз. Ерболат менің арманымды орындады. Жалпы, барлық қыз-келіншектің арманы – ақ көйлек кию емес пе?! Менің арманым да 12 жылдан кейін орындалғанына қуаныштымын, – деп жазды Эльмира Төлегенова.

Той Алматыдағы қымбат қонақ үйлердің бірінде өткен. Шақырылған қонақтар қатарында тек танымал блогерлер болған. Бұл ерекше кешті күйеу жігіттің өзі ұйымдастырған. Олардың айтуынша, 12 жыл бұрын шаңырақ көтергенде, үйлену тойын жасауға мүмкіндіктері болмаған. Қазіргі таңда Ерболат пен Эльмира үш ұл тәрбиелеп отыр.

Тойдағы ерекше тосынсый – ресейлік әнші МОТ болды. Сонымен қатар, қазақстандық жұлдыздар Қайрат Нұртас, Ninety One тобы, Қазыбек Құрайыш, Әміре және Тұрар қонақтарға өнер көрсетті.

Алайда, әлеуметтік желі қолданушылары тойдағы ысырапшылдықты сынға алды. Көпшіліктің пікірінше, 11 қабатты алып торт пен тойға жұмсалған қомақты қаржы ақылға қонымсыз.

"30 миллионға торт алғанша коттедж алмаймын ба?!", "11 қабаттан тұратын торт – ысырапшылдық", "Бұл дүниеде Ерболаттың ақшасы есептелмейді, санына жету мүмкін емес", "Одан да жетім балаларды тойдырған дұрыс еді", – деп жазды желі қолданушылары.

Қалай болғанда да, блогерлердің үйлену тойы жылдың ең талқыланған оқиғаларының біріне айналды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий