"+30°C-қа дейін жылиды": алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
962
"Қазгидромет" 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ел аймақтарында жауын-шашынсыз, жылы ауа райы болжануда, деп хабарлайды Politico.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде кең антициклон ықпалынан құрғақ ауа райы болады.
Тек Қазақстанның батысында жаңбыр жауады, түнде найзағай болжанған. Ал 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстанда 26 наурызда, Шығыс Қазақстанда 27-28 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанды. Республикада тұман болып, солтүстікте және шығыста көктайғақ болады.
Ауа температурасы:
Батыс пен солтүстік-батыста күндіз 15–25 градусқа дейін жылы болады;
Солтүстік пен шығыста 10–17 градусқа дейін жылы;
Орталықта 13–24 градусқа дейін жылы;
Оңтүстікте 21–30 градусқа дейін жылы;
Оңтүстік-шығыста 18–27 градусқа дейін жылы;
Таулы аймақтарда 10–15 градусқа дейін жылы болады.
Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
12:34
Aitu мессенджерінде туыстарға көрімдік пен сада...
11.08.2026
11:48
Белгілі ақын әрі композитор Тілеуғазы Бейсембек...
11.08.2026
11:35
"Бала күнгі арманым еді": Әнші Садраддин көпбал...
11.08.2026
11:18
Алматыда құрбыларына қонаққа барған 17 жастағы ...
11.08.2026
10:46
Атырауда полицейлерді сабағандар сотталып кетті
11.08.2026
10:30
"Сүйгені үшін жазаланады": Жұлдыз Әбдікәрімова ...