Нуранбекова зорланғаннан кейін туған баласы туралы: 9 жыл аңсаған отбасыға бердім

25.09.2026 • 20:56 Томирис САҒЫНДЫҚ
Нуранбекова зорланғаннан кейін туған баласы туралы: 9 жыл аңсаған отбасыға бердім
145
Фото: instagram.com/ilnuranuranbekova/

Танымал блогер Айтуған Ғалымовтың әйелі Ильнура Нуранбекова басынан өткерген зорлық-зомбылықтан кейін туған баласын құрбысы білетін отбасыға табыстағанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ильнура Нуранбекова НТК арнасындағы сұқбатында айтты.

«Ішім 7 айға дейін білінген жоқ. Бұрын қалай жүрсем, солай жүре бердім. Бірақ ауылға, анама жиі бармауға, көрінбеуге тырыстым. Тек телефонмен ғана сөйлесіп тұрдық. Әжем дүниеден өткен, атам болса ауылда еді. Ауылға да сирек баратын болдым. Негізінен бұл карантин уақыты болатын. Мерзім жақындаған сайын ойлана бастадым. Ертең бұл баланы дүниеге алып келсем, қалай бағамын, әкесіз қалай өсіремін деп уайымдадым. Өзім де әкесіз өскен адаммын. Ертең бала өсіп, әкем қайда деп сұраса, не айтамын, сенің әкең осындай адам болған деймін бе деген ойлар келді. Сол себепті ол жағдайда баланы қабылдай алмадым», — деді Ильнура Нуранбекова.

Бойжеткен эмоционалдық қысым мен әлеуметтік тығырықтан шығудың жолы ретінде баланы перзент сүйе алмай жүрген отбасыға беруді жөн санайды. Осыдан кейін карантин кезеңіндегі шектеулерге қарамастан, өзге өңірге барып, сәбиін дүниеге алып келеді.

«Кейін құрбым арқылы бір отбасы бар екенін білдім. Ол маған сол отбасыға бере аласың ба деп ұсыныс айтты. Мен де бұл туралы ойландым. Олардың қандай отбасы екенін білуім керек болды. Олар 9 жыл бойы бала көтере алмай жүрген, ауылдағы кісілер екен. Сөйтіп, карантин күшеймей тұрып сонда шығып кеттік. Артынан бірден карантин басталып, барлық жер жабылып қалды. Блокпосттар қойылды, ұшақ та, пойыз да жүрмеді. Үйдегілерге мен Қызылордада боламын, карантин ашылған бойда бірден қайтамын деп айттым. Маған қатты сенетіндіктен, анам да уайымдай қойған жоқ. Өйткені ол құрбым екі-үш рет біздің ауылға келген, мен де оның Қызылордадағы үйіне барып тұрғанмын. Мамыр айында, карантин кезінде босандым. Босанар алдында ол кісілердің үйінде болып, жағдайларын көрдім. Ертең бұл үйде бала дұрыс тәрбие ала ма, бұл кісілер шынымен бала аңсап жүрген отбасы ма, соның бәрін бағамдап, сөйлестім. Босанғаннан кейін баланы бірден соларға бердім. Бірақ құжат жүзінде бала менің атыма жазылды», — деді Ильнура Нуранбекова.

Войдите, чтобы оставить комментарий