Абай облысында сұмдық жол апаты: Бірнеше адам қаза тапты
Абай облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Politico.kz.
2026 жылғы 26 тамызда сағат шамамен 15:30-да Семей–Курчатов автожолының 35-шақырымында Chevrolet Nexia және Kia Rio көліктері соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Nexia жүргізушісі алдында келе жатқан «Газель» көлігін басып озу кезінде қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол сәтте қарсы бағытта келе жатқан Kia Rio көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы қағидаларын бұзуы және абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұл туралы Абай облысы ПД Ақпараттық саясат басқармасының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Мирас Мақсутов мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар