Air Astana мен FlyArystan Каспийде зардап шеккен және қаза тапқан сарбаздардың туыстарына тегін билет береді
Air Astana мен FlyArystan әуекомпаниялары Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және аман қалған сарбаздардың жақындарына тегін әуебилеттерін ұсынады, деп хабарлайды Politico.kz.
Әуе тасымалдаушыларының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көмек қаза тапқан әскерилердің жақындарына, сондай-ақ аман қалған жауынгерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған. Тегін билеттер 2026 жылдың 25 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында ел ішіндегі барлық тұрақты рейстерге беріледі.
Жеңілдік алатын жақын туыстар қатарына марқұмдар мен зардап шеккендердің ата-аналары, жұбайлары, балалары, сондай-ақ туған аға-інілері мен әпке-сіңлілері кіреді. Орындарды рәсімдеу және брондау кезінде туыстық қатынасты растайтын ресми құжаттарды ұсыну қажет.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...