Айгүл Иманбаева алғаш рет көпшілікке күйеуін көрсетті
547
Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева алғаш рет көпшілікке жолдасын көрсетті. Өнер иесі отандық бағдарламалардың бірінде некесін қиған сәтінен видеоны жария еткен.
Жақында ғана жеке өміріндегі жаңалықтарын қалың көпшілікке хабарлаған Иманбаева енді жолдасын жасырмай көрсетуді шешкен. Ол белгілі журналист Әйгерім Сейфолланың "Сырласу" бағдарламасында қонақ болып, халыққа отағасымен түскен видеосын жария еткен. Бейнежазбада қос ғашықтың мешітте некесін қидырып жатқанын көруге болады. Бұл рәсімге актрисаның ұлы да қатысқан. Асылжан Әбдімүтәлі анасының өміріндегі маңызды күндердің бірінде қасынан табылып, марқұм атасының орнын жоқтатпай келген.
"Күйеуімді еш жерде көрсету ойда болған жоқ. Алайда бұл сырласуда көрсетемін деп шештім. Бұл Лос-Анджелес қаласында некемізді қиған сәт. Әкем дүниеден өткен соң, ұлым оның орнын жоқттапай мені аманаттап жолдасыма берді. Ол куәгер емес, аман ретінде мені тапсырды", - деді әнші.
Соңғы жаңалықтар
20.09.2026
17:21
Украина Мәскеуге ірі дрон шабуылын жасады
20.09.2026
16:28
Жаңа оқу жылы басталғалы 69 оқушы есірткі қылмы...
20.09.2026
15:28
Ескендір Хасанғалиевтің ұлына жаңа жауапты қызм...
20.09.2026
14:04
Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы үш алтынмен...
20.09.2026
13:24
Екібастұзда тұрғын үй ауласында оқушыны көлік қ...
20.09.2026
12:21
Астанадағы KeshYou концертінде шу шықты: Фан-ай...