«Әкеме бұл жұмысты тапсырмауы керек еді»: Ақтөбе облысында екі жұмысшы тірідей өртенді
Ақтөбе облысында бензин құю кезінде екі жұмысшы ауыр күйік алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Зардап шеккендердің бірі денесінің 80 пайызын күйік шалғандықтан, Шалқар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырып, Ақтөбеге жеткізуге дайындалып жатыр.
«Жетінші арнаның» мәліметінше, оқиға салдарынан 23 және 46 жастағы екі ер адам зардап шеккен. Денесінің 40 пайызы күйген 23 жастағы жұмысшы санитарлық авиациямен Ақтөбеге жеткізілген. Қазір ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалауда.
Ал 46 жастағы екінші жұмысшының денесінің 80 пайызын күйік шалған. Ол әзірге Шалқар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ер адам есін біледі, алайда жағдайы ауыр. Ақтөбелік мамандар оған қашықтан кеңес беріп отыр.
Күйік бойынша маманданған дәрігер Нұрлан Әбішевтің сөзінше, науқастың жағдайы тұрақтанса, оны да санитарлық авиациямен Ақтөбеге жеткізу жоспарланып отыр.
Жазатайым оқиға Шалқар ауданындағы «Қазақстан темір жолына» қарасты орман екпелері учаскесінде болған. Компанияның мәліметінше, күнделікті нұсқамадан кейін екі қызметкерге 200 литрлік бөшкеде қалған АИ-92 маркалы бензинді басқа ыдысқа құю тапсырылған. Алайда жанармайды ауыстырып құю кезінде кенеттен өрт шыққан. Салдарынан екі жұмысшы ауыр жарақат алған.
Қазір өрттің нақты неден тұтанғаны белгісіз.
Зардап шеккендердің бірінің қызы журналистерге отбасы оқиға туралы бірнеше сағаттан кейін ғана хабардар болғанын айтқан. Оның сөзінше, әкесі жүргізуші болып жұмыс істеген және бензинді ауыстырып құю міндеті оның қызметіне кірмеген.
Марқұм емес, зардап шеккен жұмысшылардың туыстары бұл тапсырманың не себепті берілгенін және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталған-сақталмағанын анықтауды талап етіп отыр.
Соңғы жаңалықтар