Әкімді мақтаймыз деп, мазаққа қалды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев демалыс күндерін өнімді өткізгені туралы Instagram желісіне пост жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Онда әкім төрт күн ішінде екі кітап оқып, Тараздағы үйлердің жөндеу жұмыстарын тексеріп, екі ауданда жұмысшы мамандық өкілдерінің үйіне барғанын айтады. Сонымен қатар, кітап оқып отырған суреті де әлеуметтік желіде жарияланды.
Алайда, әкімнің бұл посты көпшілік арасында сынға ұшырады. Әлеуметтік желі қолданушылары кітаппен түскен суретті жасанды деп бағалап, мазақ етті. "Кітапты бұлай оқымайды", "Галстукпен демалыс күндері жүрмейді", – деп пікір білдірді олар.
Бұл жағдайға байланысты әкімнің баспасөз қызметі түсініктеме берді. «Кітап туралы пост 5 қаңтарда жұмыс күні жарияланды. Әрбіріміз жақсы сурет таңдағымыз келетіні түсінікті», – деді баспасөз хатшысы. Бірақ бұл жауап сыншылардың пікірін өзгертпеді.
Кейбір қолданушылар әкімнің фотосессиясы шынайы емес екенін айтып.
"Пиар қызметі әкімге пайда емес, керісінше зиян келтіріп жатыр", – деп мәлімдеді.
Әкімнің кітап оқып отырған суреті қоғамда күмән тудырып қана қоймай, оның шынайы беделіне кері әсер еткені байқалады.