"Актриса жалдаған": Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйеліне қатысты тың дерек шықты

TikTok желісінде “Aliya” есімді аккаунттан жарияланған видео әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.
Видеодағы бойжеткен өзінің бейнесін «#рек #ғашықбол» хэштегімен бөліскеннен кейін, желі жұртшылығы оны танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі болуы мүмкін деп болжады. Алайда аккаунттың рас не фейк екені белгісіз болып отыр. Бұл бейнежазба 2000-нан астам лүпіл жинап, 240-тан аса пікірге ие болған.
Пікірлердің мазмұны қоғамда қалыптасқан көзқарастардың алуан түрлілігін көрсетеді. Қолдау білдіргендер бойжеткеннің бақытты болуын тілеп, оның бұл қарым-қатынасқа лайық екенін айтса, «Сүйкімді несі бар, не болса да бақытты болсын», «Сенде бақытты болуға лайықсың», «Бақытты болыңыздар» деген секілді жылы пікірлер жазған. Ал қарсы пікір білдіргендер Тұрсынбектің жары Мөлдірмен салыстырып, бұл бойжеткенге сын көзбен қараған. Олар «Мөлдір табиғи сұлу ғой», «Бұл емес екінші қатыны, жай актриса жалдаған ғой» деген секілді сыни пікірлер қалдырған. Кейбір қолданушылар тіпті дөрекі сөздерге де барған.
Пікірлердің арасында салыстырулар мен қарама-қайшы көзқарастар басым: бір тарап әзілкештің отбасына адалдығына сенсе, екінші тарап ер адамның махаббат құқығын жоққа шығармайды. Қоғамдық пікір екіге жарылған: бір жағы бейнежазбадағы бойжеткенге түсіністікпен қарап, жеке бақытын тілесе, екінші жағы Тұрсынбектің жары Мөлдірмен салыстырып, оның орнын ешкім баса алмайды деп санайды.
Соңғы жаңалықтар





