Астана көгінде әскери тікұшақтар ұшып жүр: мемлекеттік күзет қызметі не дейді? (ВИДЕО)

09.10.2026 • 11:52 Әсел МҰРАТ
Астана көгінде әскери тікұшақтар ұшып жүр: мемлекеттік күзет қызметі не дейді? (ВИДЕО)
334
Фото: видеодан скрин

Астанада әскери техникалар мен көкте ұшып жүрген тікұшақтар елордалықтардың назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекеттік күзет қызметі бұл жағдайды түсіндірді.

Ведомствоның мәліметінше, Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты 10-14 қазанда қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көліктердің жүруіне уақытша шектеу қойылады.

Іс-шараларда Қазақстанның арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.

«Оған қоса, 9 қазаннан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елордаға 11 қазанда мемлекеттік сапармен Бельгия королі Филипп келеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий