Алакөлде тағы бір қайғылы оқиға: 69 жастағы әйелдің екі аяғы ампутацияланды

19.07.2026 13:14 Қарақат АСЫЛОВА
Алакөлде тағы бір қайғылы оқиға: 69 жастағы әйелдің екі аяғы ампутацияланды
344

Жетісу облысындағы Алакөл көлінде катер қағып кеткен 69 жастағы Алматы тұрғыны ауыр жарақат алып, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін екі аяғын ампутациялауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 16 шілде күні кешкі уақытта Алакөл ауданына қарасты Көктұма ауылындағы көл жағасында болған. Зардап шеккен әйел жедел түрде Алакөл аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлердің мәліметінше, науқасқа ауыр аралас политравма диагнозы қойылған. Сол аяғы оқиға орнында жұлынып кеткен, ал оң аяғы сүйектері езіліп, қатты зақымданған. Әйел ауруханаға көп қан жоғалтып, травмалық шок жағдайында түскен.

Мамандар оның өмірін аман алып қалу мақсатында екі аяғына да ампутация жасауға шешім қабылдаған.

18 шілдедегі жағдай бойынша науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы әлі де ауыр екенін, алайда емге оң реакция байқалып жатқанын айтты.

Жетісу облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Войдите, чтобы оставить комментарий