“Алапат өрт”: Тосыннан басталған өрт адамдардың өмірін жалмады

04.07.2025 • 17:58 Admin
“Алапат өрт”: Тосыннан басталған өрт адамдардың өмірін жалмады
519
Фото: freepik.com

Измирде өрттен бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Түркияның Измир аймағына қарасты Өдеміш ауданында кеше кешке басталған орман өрті тұрғын үйлерге жетті.

Өрт сөндірушілер өртенген бір үйден 80 жастағы адамның денесін тапты.

Түркияның ішкі істер министрі Измирде тілсіз жаудан 110 үй мен 2 жұмыс орны зардап шеккенін хабарлады. 

Қазір орман өрті болып жатқан аймақтан тұрғындарды көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Олар уақытша контейнер үйлерге орналастырылған. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий