Маркетплейс сауда жасап үйретемін деп, миллиондарды иемденген әйел сотталды

10.10.2026 • 17:31 Қарақат АСЫЛОВА
Маркетплейс сауда жасап үйретемін деп, миллиондарды иемденген әйел сотталды
287

Астанада тұрғындарға маркетплейстерде жұмыс істеуді үйретуді ұсынып, кейін оларды тауар бизнесіне ақша салуға көндірген әйел сотталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Салдарынан бес адам 15,6 млн теңгесінен айырылған.

Әйел бастапқыда клиенттерге маркетплейстерде сауда жасауды үйрететінін айтқан. Кейін оларды тауар бизнесіне инвестиция салуға үгіттеген. Алайда бұл ұсынысқа сенген бес адамның жалпы шығыны 15,6 млн теңгеге жеткен.

Сот бұрын сотталғанын ескере отырып, әйелді алты жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Прокуратура қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде инвестиция ұсынатындарға сақ болуға шақырды. Ведомство өкілдері жоғары табысқа кепілдік береміз деген уәделерге бірден сенбей, ақша салмас бұрын ұсыныстың заңдылығы мен сенімділігін мұқият тексеру қажеттігін ескертті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий