Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты:  Zeekr және Mercedes көліктерінің соқтығысу сәті көрсетілді

08.06.2026 14:07 Әсел МҰРАТ
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты:  Zeekr және Mercedes көліктерінің соқтығысу сәті көрсетілді
124
Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкелген жол апаты бойынша сотта соқтығысу сәтінің видеосы көрсетілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында үш адамның қазасына себеп болған жол-көлік оқиғасы бойынша кезекті сот отырысы өтті. Отырыс барысында Zeekr және Mercedes автокөліктерінің қатысуымен болған апаттың видеосы көрсетілді

Сотта көрсетілген кадрлардан Zeekr көлігінің Әл-Фараби даңғылымен жоғары жылдамдықта келе жатып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны байқалады. Артынша көлік Mercedes автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан Mercedes жол жиегіне қарай бірнеше метрге ұшып кеткен.

Еске салайық, аталған жол апаты салдарынан үш адам қаза тапқан болатын. Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Zeekr жүргізушісі мас күйінде қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты. Сараптама қорытындысы бойынша, жол апаты алдында көлік шамамен сағатына 219 шақырым жылдамдықпен жүйткіген.

Войдите, чтобы оставить комментарий