"әлі бітпеген үйдің цементіне жаттым": Жұлдыз Әбдікәрімованың оқырманы

11.07.2025 15:48
0
212
Фото: әлеуметтік желі

Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова жалғыз өзі үй тұрғызып жатыр. Ол жаңа баспанасының құрылыс жұмыстарын әлеуметтік желіге жиі жариялап тұрады. Алайда актриса жоспарының ойындағыдай болмай жатқанына қынжылып, оқырмандарынан үй салудағы қызықты оқиғаларын бөлісуді сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Todayinfo.

Өз хикаяларын айтқан қыз-келіншектің көбі ауыр жауапкершілікті өз мойындарына алып, ер азаматтары тарапынан жәрдемнің аз болғанын жария етіп жатыр.

«Ремонт біткенше ажырасуға дейін бардық. Жұмысшыларға ақша жетіп, ламинатқа келгенде жетпей қалды. Өзіміз пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Күйеуім болса алаңсыз қыдырып жүрді. Содан бала-шағамды алып, әлі бітпеген үйдің цементіне жаттым. Ертеңіне таң атпай миын жеп, айғайладым»,- деп жазған бір әйел.

Тағы бір келіншек «күйеуі вахтада жұмыс істегендіктен, перзентханадан шыға сала үйдің басы-қасында өзі жүріп әрі базарда жұмыс істегенін айтқан.

«Қазіргі таңда еркектер емес әйелдер қауымы іске кірісіп кетеді ғой. Мен кейде алға сүйреуден шаршап кетемін. Алғыстан гөрі сөз естіп жатады», — деді тағы бір күйеуінің енжарлығына мезі болған қазақ әйелі.

Жаңа баспанасының басында жалғыз жүрген Қайрат Нұртастың аяғы ауыр әйеліне оқырмандары қолдау білдіріп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий